LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды

0
131

Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.


LRT Қосшыға дейін тартылады: алғашқы тірек құйылды

фото: CTS компаниясы

ERNUR.KZ. Астанада LRT-ның екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды, деп жазады sputnik.kz.
"LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына қарай іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары орындалды", - деп жазды компания.
Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.
Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.