ERNUR.KZ. Алматыда балаларда кездесетін коронавирус белгілері мен жұқтырған жағдайда әрекет ету алгоритмі жайлы айтылды, деп жазады zakon.kz.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирустың өршуіне байланысты көптеген ата-аналарда өз балалары үшін алаңдаушылық туындағанын айтты. Ол аурудың алғашқы белгілері – балаларда дене температурасының көтерілген жағдайда қайда жүгіну керектігін айтты.
Алматының барлық тұрғындарының телемедицина орталығына 3000-505 немесе 1312 телефондары бойынша (ұялы телефондардан тегін) өз бетінше хабарласу мүмкіндігі бар.
- Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға баруға және мобильді бригаданы шақыруға болады, - деді Лаура Мырзағали.
Кішкентай балалар иіс сезуді жоғалтқан кезде, оны түсіндіре алмайды, сондықтан, ата-аналар балалардың температурасына назар аударуы керек, өйткені коронавирустың нақты белгілері жоқ және ауру әдеттегі ЖРВИ-ге ұқсауы мүмкін.
Сонымен қатар, балалар мен ересектерде коронавирустың алдын-алу шаралары бірдей. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек, бетперде киіп, қолды антисептикпен жиі өңдеу керек. Сондықтан ата-аналар жағдайды біліп, баланың жағдайын мұқият бақылауы керек.