Маңғыстау облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады

0
1 065

Балада орталық жүйке жүйесінің даму кемістіктері болған. Облыстық балалар ауруханасында сәбиге алғашқы ота жасалды.


Маңғыстау облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды Lada-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нәресте патологиямен өмірге келген.

Балада орталық жүйке жүйесінің даму кемістіктері болыпты. Облыстық балалар ауруханасында сәбиге алғашқы ота жасалған.

Дәрігерлер ешқандай кепілдік жоқ екенін айтыпты. Олар нәрестенің отаны көтеретініне сенімді болмаған.

Алайда алғашқы ота сәтті өткен. Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты.

20 күннен кейін ми жарығын емдеу бойынша тағы ота жасалады.

Аталған отаны Астана қаласындағы нейрохирургия орталығында өткізу жоспарлануда.