Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтілді

0
546

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімі жарияланды.


Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтілді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі, деп жазады Stan.kz.

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемейді. Фитнес-орталықтар жабылады.

Азық-түлік базарларын қоспағанда, базарлар 16.00-ге дейін, ал кафелер мен асханалар 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі. Тойларды тексеру үшін рейдтер ұйымдастырылады.