Маңғыстау облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 540-тан астам объект бейімделген

0
175

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген.


Маңғыстау облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 540-тан астам объект бейімделген

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысында 542 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20 %-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.

Осы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысы бойынша 622 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде қазіргі уақытта 542 объект бейімделген.

«Ақтау қаласында соңғы уақытта мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру тұрғысынан жағдай айтарлықтай жақсаруда. Мәселен, әуежайда пандус пен амбулифт орнатылды, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ыңғайлылығы үшін санитарлық-тұрмыстық орындар бейімделді, сондай-ақ «Дина», «Анвар» гипермаркеттеріндегі жағдай айтарлықтай жақсарды, атап айтқанда, кіру топтары, тактильді жолдар мен көрсеткіштер орнатылғын. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар еркін жүре алатын теңіз жағалауындағы серуендеу аймағын атап өткім келеді», – деді бірінші топ мүгедектігі, бар Ақтау қаласының тұрғыны Жасұлан Дауылбаев.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 128 тексеру жүргізді, оның ішінде: 17 – жоспардан тыс тексерулер, 11 – профилактикалық бақылау шеңберінде және 100 прокуратураның талабы бойынша тексерулер болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 ұйғарым берілді, 16 млн теңгеден астам сомаға 67 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана беріледі. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.