Маңғыстау облысында шенеунік пара ретінде жиһаз алған

0
778

Мұнайлы ауданында бөлім басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алған.


Маңғыстау облысында шенеунік пара ретінде жиһаз алған

ERNUR.KZ Маңғыстау облысында шенеунік пара түрінде жиһаз алғаны әшкере болды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті.

Пара алды деген күдікке Мұнайлы ауданының азаматтардың тұрмыс хаттамаларын тіркеу бөлімінің жетекшісі ілініпті.

Қазіргі таңда айыпталушы жеке кәсіпкерден пара алғаны туралы мойындаған. Құжаттың тез рәсімделуі үшін шенеунік ас үй жиһазын иеленіпті.

Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбапты. Алдағы уақытта сот күдіктіге қатысты соңғы шешімді шығарады.