Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды

0
142

Қазіргі уақытта мектепте 825 оқушы білім алып жатыр.


Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» ашылды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтау қаласының 33-ші шағын ауданында №33 жалпы білім беретін мектеп ашылды. Жаңа мектеп заманауи 66 пән кабинетімен, оның ішінде STEM-зертханалар, қыш өнері, визуалды дизайн, хореография сияқты шығармашылық бағыттарға арналған кабинеттермен жабдықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мектепте 825 оқушы білім алып жатыр. Оларға 68 педагог қызмет көрсетуде, оның ішінде 7 мұғалім ауысу тәртібімен келген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог және психолог кабинеттері соңғы үлгіде жабдықталған.

Биыл Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 13 мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде Ақтау қаласының 17, 19 және 33-ші шағын аудандарында, сондай-ақ Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы Хазар шағын ауданында 4500 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды.