Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған.
"Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр", - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, дерек бойынша тексеру басталған.