Маңғыстауда екі бала әжетханаға арнап қазылған шұңқырдағы суға батып кетті

0
685

Атасы мен әжесінің үйіне бара жатқанда 2008 және 2012 жылы туған екі бала әлгі шұқырға түсіп кеткен.


Маңғыстауда екі бала әжетханаға арнап қазылған шұңқырдағы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында екі бала шұңқырдағы суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданының Батыр ауылында болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, үйдің жанындағы тереңдігі метрден асатын шұңқыр нөсер жаңбырдан кейін суға толып қалған.

Бұл шұңқырды үй иелері әжетхана тұрғызу үшін қазған.

Атасы мен әжесінің үйіне бара жатқанда 2008 және 2012 жылы туған екі бала әлгі шұқырға түсіп кеткен.

Олар шұңқырдағы судан өз бетінше шыға алмаған.

Құтқарушылар балаларды көзден таса етпеу керектігін, құдықтар мен арықтардың бетін жауып жүру керектігін тағы да еске салады.