Маңғыстауда кен орнынан өрт шықты

0
891

Өрт әлі ауыздықталған жоқ.


Маңғыстауда кен орнынан өрт шықты
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына "Ақберен" диспетчерінен бүгін таңғы сағат 03-25 "Қаратұрын Южный" кен орнында №303 пайдалану ұңғымасынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz.

Мамандар өртенген газды сұйық қоспа “Бозащы мұнай” ЖШС-не тиесі екенін айтты. Оқиға орнына "Ақберен" ЖШС, "КӘАҚҚ РО" ЖШС 8 қызметкер және 4 техника, ТЖ қызметінен 74 адам, 16 техника жұмылдырылды.

Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат та айтылмай отыр.