Соғды қызғалдағы – Қазақстанның Қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін гүл.
ERNUR.KZ. Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдақтары гүлдеді, деп жазады Тengrinews.kz.
Қызыл кітапқа енген гүлдердің суретін Ольга Михайлова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан құмда өсіп тұрған ақ гүлдерді көруге болады.
"Біз шексіз өмір сүретін сәттер бар, кейін олар бізде шексіз өмір сүреді. Маңғыстауға көктем келді", - делінген жазба сипаттамасында.
Соғды қызғалдағы (Tulipa sogdiana) – биіктігі 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдік. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады. Соғды қызғалдағы наурыздан сәуірге қарай гүлдейді. Қызылқұм, Қарақұм, Маңғыстаудың құмды, сирек сазды немесе тасты шөлдерінде өседі.
Соғды қызғалдағы – Қазақстанның Қызыл кітабыңа енген, сирек кездесетін гүл.