Маңғыстауда тұмау және ЖРВИ белгілері бар балалар сабаққа жіберілмейді

0
134

Ата-аналарға балаларды аурудың алғашқы белгілері байқалғанда мектепке жібермеу және толық сауығудан кейін медициналық анықтама ұсыну ескертілді.


Маңғыстауда тұмау және ЖРВИ белгілері бар балалар сабаққа жіберілмейді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы мектептер мен балабақшаларда тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдай ушығуына байланысты санитарлық бақылау күшейтілді. Бұл туралы өңірлік білім басқармасының басшысы Клара Құлатаева мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Білім беру ұйымдарына таңертеңгі сүзгі жүргізу тапсырылды: қызметкерлер мен оқушылар визуалды тексеруден өтеді, қажет жағдайда температура өлшенеді. Жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуы немесе басқа да ауру белгілері байқалған балалар бірден арнайы бөлмеге оқшауланып, ата-анасына хабар беріледі.

Мектептерде кабинеттер әр үш сағат сайын желдетіліп, ылғалды тазалық жасалады, санитайзерлер қолжетімді болуы тиіс. Бірқатар оқу орындарында бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылды, кейбір мектептерде маска режимі енгізілді.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, егер сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы сырқаттанса, сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ата-аналарға балаларды аурудың алғашқы белгілері байқалғанда мектепке жібермеу және толық сауығудан кейін медициналық анықтама ұсыну ескертілді