"Мантуды сылтау етіп вакцина салады": бас санитар елді мазалаған сұраққа жауап берді

0
626

Қазіргі кезде ата-аналар чатында осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Тіпті Мантудан бас тартып, арыз жаза бастағандар бар деген ақпарат тарады.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева ата-аналар чатында тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасын салады, алайда кейбір ата-аналар Мантуды сылтау етіп вакцина салып жібереді деген үреймен одан бас тартып, арыз жазып жатқан көрінеді. Қазіргі кезде ата-аналар чатында осы мәселе қызу талқыланып жатыр.

Нұр-Сұлтан бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева ондай ақпаратқа сенбеуге кеңес берді.

"Жыл сайын қыркүйек айында бірінші сыныпқа барған балаларға туберкулезге қарсы қайта вакциналау жүргізіледі. Бірақ оған дейін Манту сынамасы алынады. Бүгінде барлық мектепте дайындық шаралары басталып кетті. Тізімдер жасалып жатыр. Бұл жұмыс жылда атқарылып келген", - дейді Пралиева.

Оның айтуынша, бүгінде қалада балаларға салуға болатын коронавирусқа қарсы вакцина жоқ.

"Сондықтан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу мәселесін көтеру негізсіз", - деп атап өтті Пралиева.