Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы салына ма – министр жауабы

0
471

ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шығып жатыр.


Маралды ауылында алтын өндіру фабрикасы салына ма – министр жауабы

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасының мәселесі 15 мамырға дейін шешілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет кулуарында журналистер министрден "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Маралды ауылындағы алтын өндіретін фабриканы салу әлі күн тәртібінде тұр ма?" деп сұрады.
Министр келесі аптада осы мәселе бойынша сондағы халықпен жан-жақты кездесу өткізуді жоспарлап оытрғанын айтты.
"Жалпы ол зауыт бойынша біз келесі аптада әкімдіктің өкілімен және жергілікті халықпен қосымша кездесу өткіземіз. Одан кейін ғана жауап беремін. Өйткені бірнеше мәселе бар. Айтып отырғаныңыз дұрыс. Екі тарап бір-бірімен келісімге келіп отырған жоқ. Сондықтан 9 мамыр мерекесі өткен соң баршасының басын қосып, қосымша мәлімет береміз", - деді министр кулуарда.
Ол фабрика салу, басқа да барлық мәселе әлі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
"Қазір нақты мынадай шешім қабылданды деп айта алмаймын. Өйткені келесі аптада әр тарапты тыңдап қана жауабын айтамыз. Шамалы сабыр сақтаңыздар. Мейрамнан кейін 15 мамырға дейін қосымша айтамыз", - деп сендірді Қарабаев.
Айта кетері, ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шығып жатыр.