Марқұмның туыстары қызының өліміне күйеубаланы кінәлайды (видео)

0
868

​Үш баласымен терезеден секірген келіншек Алматыдағы медицина академиясын осыдан екі жыл бұрын бітірген.


Марқұмның туыстары қызының өліміне күйеубаланы кінәлайды (видео)

ERNUR.KZ. Үш баласымен терезеден секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваның туыстары, марқұмның өліміне келіншектің күйеуін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, қыздың суицид жасауына жігіт итермелеген, деп жазады exk.kz.

Терезеден секіріп кеткен Бақтыгүл Қыдырбаеваның отбасы Өзбекстанның Бостандық ауданынан Шымкентке 2000 жылдары көшіп келіпті. Марқұм Алматыдағы медицина академиясын осыдан екі жыл бұрын бітірген. Мамандығы — терапевт-дәрігер. Бақтыгүлдің туыстарының айтуынша, жас ананың суицид жасауына әлеуметтік жағдайы әсер етпеген. Айтуларынша, барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектесіп тұрдық дейді.


Бақтыгүл үйдің ортаншысы. Күйеуімен биыл шаңырақ көтергендеріне 7 жыл толыпты. Бірақ соңғы бір айда ерлі-зайыптылар отбасымен бөлек тұрған екен. Марқұмның туыстары күйеу балалары туралы жағымсыз пікірде.


"Қыздың өліміне біз күйеуінен күдіктенеміз. Бекерден бекерге секіріп кетуі мүмкін емес қой. Үш бала тұрмақ мысықты да тастай алмайсың ғой. Өзі жұмыссыз жүрген адам. Қатырып еңбек етіп жүргенін көрген емеспіз. Бір әпкесі мен сіңілісі көмектесіп тұратын. Қызды мұндай жағдайға сол жеткізіп отыр. Бақытгүл әлеуметтік қиындықтан өлді дегенге сенбейміз. Жүйкесі әбден тозған ғой. Ағалары, әкесі мәйітті алып келуге қалаға кетті", — дейді марқұмның туыстары.