Заңдастырылмаған адамдардың көпшілігі Қазақстанның бес облысында тұрады
фото:Sputnik
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері 1 миллион 385 мың адамның статусын анықтады. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.
"Еліміздің барлық өңірі жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Алдыңғы қатардағы Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында жыл басында статусы болмаған адамдардың 60 проценті заңдастырылды. Орта есептен төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан (41%), Батыс Қазақстан (41%), Атырау (41%) облыстары мен Астана (37%) қаласында байқалады", — деді министр үкімет отырысында.
Әбілқасымова мәртебесі нақтыланбаған адамдардың көпшілігі бес өңірде тұратынын атап өтті.
"Олар: Түркістан облысы (15%), Алматы облысы (15%), Алматы қаласы (9%), Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары (8%)", — деді ол.
Оның айтуынша, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына жұмыссыз жүрген және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар тобынан 92 700 адам тартылған. Бұл бағытта Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстарында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.