Маска тағудың қажеті жоқ - Алматының бас санитар дәрігері

0
930

Алматыда барлығы 119 адам коронавирус жұқтырып, 21 адам жазылып шыққан.


Маска тағудың қажеті жоқ - Алматының бас санитар дәрігері

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова көшеде маска тағудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

Брифинг барысында бас санитар дәрігерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы қаншалықты тиімді екені және қандай жағдайда маска тағу керек деген сауал қойылды.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұсыныстары өзгерді: маска тағу - басты профилактикалық шаралардың бірі. Бірақ мен, эпидемиолог ретінде айтарым, сыртта жүрген кезде, егер жаныңызда адам болмаса, жалғыз келе жатсаңыз, маска тағудың қажеті жоқ деп есептеймін. Ал жабық нысандарда, керісінше, маска тағу қажет", - деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.

Бұған дейін Молдағасымова Алматыда балалар коронавирусты жиі жұқтыратын болғанын айтқан.

"Жас ерекшелігі бойынша айтатын болсақ. Осыған дейін 20-29 және 30-39 жастағы ересектер вирусты жиі жұқтыратын болса, қазір 50-59 жас аралығындағы науқастар көбейген. Сондай-ақ, 2-16 жас аралығындағы балалардың вирус жұқтыруы 88 пайызға өскен", - деді Молдағасымова.

Еске салайық, Алматыда барлығы 119 адам коронавирус жұқтырып, 21 адам жазылып шыққан.