Маскасы жоқтарды суретке түсіріп, айыппұл салып жатыр: Министрлік оқиғаны түсіндірді

0
759

Қазнетте бір топ адамның елді мекендердің көшелерінде жүріп, адамдарды суретке түсіріп жатқандығы туралы ақпарат тараған.


Маскасы жоқтарды суретке түсіріп, айыппұл салып жатыр: Министрлік оқиғаны түсіндірді

ERNUR.KZ. Қазақстанда бетпердесі жоқ адамдарды көшеде суретке түсіріп, содан кейін айыппұл салады деген ақпарат жалған болып шықты, деп жазады Stan.kz

Қазнетте бір топ адамның елді мекендердің көшелерінде жүріп, адамдарды суретке түсіріп жатқандығы туралы ақпарат тараған. Осылайша белгісіз топ бетпердесіз жүргендердің кім екенін анықтап, сол адамдарға айыппұл туралы хат жолдады делінген хабарламада.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінде айтылғандай, Қазақстанда мұндай шаралар қолданылып жатқан жоқ. Мониторингтік топтары бар полиция қызметкерлері шынымен де ойын-сауық мекемелері мен көшедегі адамдарды тексеретіні атап өтілген. Алайда, егер бұзушылық анықталса, олар хаттама жасап, жазбаша түсініктеме алуға міндетті.

"Осыдан кейін барлық аймақтарды тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі жіті бақылайтын болады. Тексері жүргізілгеннен кейін ғана айыппұл салынуы мүмкін. Бірақ суретке түсіріп, айыппұл салатын арнайы топ жоқ екенін ескертеміз", - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді (ӘҚБтК-нің 425-бабы) бұзғаны үшін қазақстандықтар 30 АЕК (83340 теңге немесе 194 доллар) айыппұл төлейді.