Тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға жеті саяси партияға рұқсат берді, деп жазады Tengrinews.kz.
Сайлауға мына партиялар қатысады:
- Amanat партиясы;
- "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы;
- Respublica партиясы;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
- Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
- Қазақстан халық партиясы.
Айта кетейік, тіркеу мерзімі 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.