Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына қарай рейтинг енгізілмек

0
282

Бұл жайында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында аталған қор төрағасының орынбасары Индира Саркенова айтты.


Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына қарай рейтинг енгізілмек

Сурет: akorda.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу әдістерін жетілдіру аясында тәуекелдерді басқару жүйесін енгізеді, деп жазады zakon.kz.

Бұл жайында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында аталған қор төрағасының орынбасары Индира Саркенова айтты.

Оның атап өтуінше, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу медицина ұйымдарын төмен, орташа немесе жоғары тәуекел аймақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қызыл, сары және жасыл аймаққа бөлу арқылы рейтинг әзірленеді.

"Егер клиникада медициналық көмек көрсету барысында заң бұзушылық пен ауытқу болмаса, онда ол автоматты түрде жасыл аймаққа түседі. Бұл өндірістік базаға барып мониторинг жүргізу немесе оның қызметін жіті зерделеу қажеттігін жоқ екенін білдіреді. Бұл жеткізушілерді қажетті нормалар мен ережелерді сақтауға ынталандырады", — деді Индира

Қор төрағасы орынбасарының айтуынша, сары және қызыл аймаққа тап болған медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету сапасы жан-жақты зерделеніп, келісімшарт міндеттемелеріне мониторинг жүргізіледі.

"Қорытындысында медициналық көмек көрсету процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен шешімдер әзірленеді", — деді ол.

Оның пайымынша, жеткізушілердің жартысынан көбі жасыл не сары аймаққа, ал шамамен 41 пайызы қызыл аймаққа тап болады.