Мектептерде «Домбыра» пәні оқытылады

0
1 309

Көпшілікке таныстырылатын оқулық 200 беттен тұрады.


Мектептерде «Домбыра» пәні оқытылады

ERNUR.KZ. Енді мектеп оқушылары «Домбыра» пәнін оқиды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бүгін 6-7 сыныптарға арналған «Домбыра оқулығының тұсау кесері өтеді. Бұл пән орта білім жүйесіне қосымша пән ретінде енгізілмек. Бұл туралы «Қазақ радиосына» телефон арқылы сұқбат берген оқулық авторы, белгілі өнертанушы Жанғали Жүзбаев айтты»,- делінген хабарламада.

Осыдан тура 1 жыл бұрын Қ.Тоқаев мектептерде қалауы бойынша домбыра үйрену пәнін енгізу бастамасын қолдайтынын айтып, оқулық әзірлеуді тапсырған болатын.

«Бүгін көпшілікке таныстырылатын оқулық 200 беттен тұрады. Оқулықта домбырамен сауат ашу, домбыраны баланың қолына дұрыс ұстату секілді әдістемеліктер қамтылған»,- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, сабақта халық әндері мен күйлері, қазақстанда тұратын туысқан халықтарың әндері мен қазақтың классик күйшілерінің туындылары секілді дәрістер бар.