Мектепті діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек: Қошанов хиджаб туралы

0
558

Қазақстан зайырлы мемлекет.


Мектепті діни ағымдардың ортасына айналдырмауымыз керек: Қошанов хиджаб туралы

ERNUR.KZ. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте һиджап киюге байланысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Қазақстан зайырлы мемлекет.

"Біздің Конституциямыз дін бостандығын шектемейді, діни рәсімдер жасағысы келетіндерге ешқандай кедергі жоқ", - деді Қошанов.

Оның сөзінше, мектеп саяси және діни ағымдардың орталықтарына айналмауы керек.

"Мектеп - бұл оқу орны. Оқушының негізгі міндеті - оқу. Біз мектепті саяси немесе діни ағымдардың орталықтарына айналдырмауымыз керек. Біз мұғалім мен балаларды басқа мәселемен алаңдатпауымыз керек. Министрлік бекіткен мектеп формасының стандарттары бар. Бұл талаптарды орындау қажет", - деді ол.