Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
85

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.


Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.