Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады

0
919

Президентінің кубогі 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.


Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін хоккейден 10-шы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық «Барыс» командасы мен қазандық «Ак Барстан» бөлек Ресей Федерациясынан – «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары қатысуда.

Нұр-Сұлтан қаласы, «Барыс Арена» мұз айдыны сарайы