Мемлекет басшысы «Bloomberg» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді

0
967

Мемлекет басшысы еліміздің алдағы дамуы туралы көзқарастарымен бөлісті.


Мемлекет басшысы «Bloomberg» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында «Bloomberg» халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

- Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы туралы көзқарастарымен бөлісті. Әлеуметтік, қаржы-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша бірқатар сұраққа жауап берді. Сұхбаттың дені Қазақстанның сыртқы саясатына, аймақтық күн тәртібіне және АҚШ-пен екіжақты өзара іс-қимылдарға арналды, - деп жазды Берік Уәли.

Президенттің баспасөз хатшысы «Bloomberg» агенттігінің іскерлік әлемде қаржылық мәліметтер мен сараптамалық материалдарды тарату бойынша көпшілік мойындаған көшбасшы екенін атап өтті.

- Сұхбаттың бейнежазбасы «BloombergTelevision» телеарнасынан көрсетіледі және «Bloomberg» терминалдары арқылы да танысуға болады. Сондай-ақ, апталық аудиториясы 4 миллион болатын www.bloomberg.com сайтына да орналыстырылады, - деді ол .