Мемлекет басшысы ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0
1 045

Мемлекет басшысы Алексей Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасағанын атап өтті.


Мемлекет басшысы ғарышкердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкер Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының екі дүркін батыры Алексей Леоновтың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

«Алексей Архипович өз ісінің нағыз шебері, әлемдік космонавтикада аты аңызға айналған тұлға еді. Ол Байқоңыр айлағынан ұшып, адамзат тарихында тұңғыш ашық ғарышқа шықты. Батыр Леонов ұлы мақсатқа жету жолында өз өмірін тәуекелге тігіп, бұған дейін өзгелердің қолынан келмеген ерлік жасады»,– делінген жеделхатта.