Партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды.
Елімізде партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. Ал, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге азаяды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.