Мемлекет басшысы теміржол саласының ардагерлерімен кездесті

0
593

Президент аталған салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандармен теміржолдың даму перспективасы жөнінде пікір алмасты.


Мемлекет басшысы теміржол саласының ардагерлерімен кездесті

Мемлекет басшысы теміржол саласының ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды.

"Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржол саласын өркендетуге баса мән беремін. Бүгін Сиань қаласында жаңа құрғақ порттың ашылуына байланысты маңызды шара өтті. Шын мәнінде, көлік-логистика саласы – басымдыққа ие бағыт. Қазір мемлекеттер көлік-логистика мүмкіндіктеріне ие болу үшін бәсекеге түсіп жатыр. Қазір, ең басты әлеует – табиғи ресурстар емес, тауар тасымалдау, логистикалық тізбектерді жолға қою. Еңбектеріңізді бағалаймын. Ең бастысы, сіздердің қызметтеріңізді қоғам айрықша құрметтейді. Сіздер мол тәжірибелеріңізге сүйене отырып, тиісті министрлік пен теміржол басшыларына ұсыныстар мен құнды кеңес бересіздер деп сенемін. Сондықтан бірге жұмыс істеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.