Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді

0
794

Тоқаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты.


Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен ұлттық банкке 2021 жылға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын ұзартуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңартылған бағдарламада бірінші кезеңді іске асыру барысында анықталған кемшіліктерді ескеру қажет екені айтылды.

"Бұл жерде өңірлерге бөлінетін қаражаттарды сапалы әрі тиімді бөлу жөнінде сөз болып отыр. Ақшаны желге ұшыруға немесе "өз" компанияларына келісімшарттарды бөліп беруге жол берілмеуі тиіс. Қаражаттардың бір бөлігін микро кредит беруге жұмсауға болады", - деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.

Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық Банк 1 желтоқсанға дейін нақты ұсыныстар беруі тиіс екенін атап өтті.

"Ұлттық палата дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу мен оларды іске асыруда біршама қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Медицина тілімен айтсақ, біз бірлесе отырып проблемаға дұрыс диагноз қойып, емдеудің қажетті шараларын қабылдай алдық", – деді президент.

Оның айтуынша, пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді.
Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.