Күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке жүктелді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы басқа Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелді.