ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.