ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршін Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» атты өлеңін оқып, соңында қазақ жастарының кемшілігін айтқан видеосы тарады. Шамамен 6-7 жастағы ұл бала Мағжан Жұмабевтың ұранды өлеңін асқан леппен бастап, соңына өзінің әзілді базынасын да қосады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршін Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» атты өлеңін оқып, соңында қазақ жастарының кемшілігін айтқан видеосы тарады. Шамамен 6-7 жастағы ұл бала Мағжан Жұмабевтың ұранды өлеңін асқан леппен бастап, соңын аға буынға деген базынамен аяқтап, елді күлгіге қарық қылды. Оның түр-келбетінен оқыған өлең мазмұнына қарай мимикасын өзгерте отырғанын да байқауға болады.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты», - деп екпінмен басталған өлең:
«Мен жастарға сені-і-і-і-іп жүрсем, біреуі темекі шегеді, біреуі арақ ішеді. Біреуі мамасын тыңдамайды, біреуі папасын тыңдамайды», - деп аяқталады.
Видео әлеуметтік желіден алынды