Оқушылар Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқиды.
ERNUR.KZ. Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды Астана арнасы.
Мұрат Бақтиярұлының дерегінше, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр.
Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой, - дейді ҚР парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.