Мерекеге орай еліміз бойынша қосымша үш пойыз жолға шығады

0
726

​Бұған мереке кезіндегі жолаушылар санының артуы себеп болды.


Мерекеге орай еліміз бойынша қосымша үш пойыз жолға шығады

ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Шымкентке, Алматыға, сондай-ақ Ақтөбеден Қызылордаға қатынайтын қосымша үш пойыз қатынайды, деп жазады Zakon.kz.

Атап айтсақ олар Нұр-Сұлтаннан Шымкентке қатынайтын №202/201 пойыздар. "Нұр-Сұлтан – Шымкент" пойызы Нұр-Сұлтан "Нұрлы жол" станциясынан 2021 жылдың 15, 26, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 02 және 07 қаңтарында, кері Шымкент станциясынан 2021 жылдың 16, 27, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында жолға шығады.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтаннан Алматыға қатынайтын №204/203 пойыздар. Нұр-Сұлтан "Нұрлы жол" станциясынан 2021 жылдың 15, 27, 29 желтоқсанында, 2022 жылдың 03 және 08 қаңтарында, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылдың 16, 28, 30 желтоқсанында, 2022 жылдың 04 және 09 қаңтарында жөнелтіледі.

Ал үшіншісі №206/205 "Ақтөбе – Қызылорда" пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылдың 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсанында, кері бағытта Қызылорда станциясынан 2021 жылдың 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсанында жолға шығады.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар көп пайдаланатын бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.