​Министр дизель бағасын төмендетуді ұсынды

0
1 112

Дизель бағасын мемлекет қоймайды. Дегенмен, сіздердің істеріңізге қалай болғанда да килігеміз, деді депутат.


​Министр дизель бағасын төмендетуді ұсынды

сурет:ua.today

ERNUR.KZ. Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев ішкі нарыққа шығарылатын дизель бағасын түсіруді ұсынды, деп жазады Азаттық радиосы.

Астанада өткен брифингте министр елдегі жанар-жағармай сататын компаниялар мен жанармай бекеттері бағаны түсіруі керегін айтты. Оның сөзінше, 1 қарашадан бастап дизель акцизі төмендетілген.

"Түсінеміз, қазір бағаны нарық белгілейді. Дизель бағасын мемлекет қоймайды. Дегенмен, сіздердің істеріңізге қалай болғанда да килігеміз. Себебі, егер біз араласпасақ, онда келешекте сіздерде де проблема туындауы мүмкін" - деді министр.

Жанар-жағармайды көтерме бағамен сататын компания өкілдері бағаны түсіру жөнінде "ойланып көретіндерін" айтты.

Бозымбаев сонымен қатар Ресеймен шектесетін облыстарда жанармайды тұтыну мөлшері күрт артқанын, мұның себебі Ресейде жанармай бағасының қымбаттауында екенін айтты. Оның сөзінше, Ресейде жанармай бағасы қымбаттағандықтан солтүстік облыстарда қазақстандық бензин мен дизельді Ресейге тасып әкету жиілеген.

Министр бұл мәселені ретке келтіру үшін шекарада бақылауды күшейту керегін, алда үкіметке ішкі нарықты қорғауға қатысты ұсыныс жасайтынын жеткізді.

Қанат Бозымбаев бұған дейін газ бен электр қуаты бағасы арзандайтынын айтқан.

Қазақстанда тарифтерді төмендету шаралары жуырда президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан өткен Қауіпсіздік Кеңесі отырысынан кейін қолға алынды.