ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Емханаларда туберкулезге қарсы қосымша онкологиялық, маммологиялық кабинеттер ашылды. Бұл шаралар ана мен нәресте өлімі және еліміз бойынша жалпы қатерлі ісіктен болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік берді", —деді министр.
Біртанов бірқатар облыста өлім-жітім көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екенін мәлімдеді.
Осыған байланысты министр облыс әкімдеріне негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
"Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексерістерді қарау. Екіншіден, жүкті әйелдерді уақытында есепке тұрғызу және 1 жасқа дейінгі балаларды патронаж бойынша атқарылатын шараларды 100%-ға жеткізу қажет", — деді министр.