Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді

0
451

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан хабарлады.


Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша тапсырма берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан хабарлады.

«Достар, өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қалыптасқан ахуал жайлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы хабардар. Туындаған мәселеге жан-жақты сараптама жасалып отыр. Министр Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғалар мен мекемелерге аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме беруді және қабылданған шаралар мен шешімдерді жариялауды тапсырды» , — деді Жанжігіт Омархан.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ өз тарапынан бағдарламаның ережесі мен оның іске асуы туралы қажетті базалық мәліметті даярлағанын атап өтті.

Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру құқығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» мен автокөлік өндірушілер, ритейлер мен екінші деңгейлі банктерге берілген.

Аталған ұйымдар бекітілген бағдарламаның ережесіне сәйкес жұмыс істейді.