29 қазанда кешке Астананың оң жағалауындағы кейбір аудан жарықсыз қалған еді.
ERNUR.KZ. Энергетика министрлігінің өкілдері желіде тарап жатқан жылу электр орталығындағы жарылыс туралы суреттің жалған екенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда сурет әлеуметтік желілер арқылы халық арасында тарап жатыр.
"Бұл суреттің Астанадағы апатқа қатысы жоқ",-делінген хабарламада.
Бұл кемінде 8 жыл бұрын түсірілген видео жазбаның кадры.
29 қазанда кешке Астананың оң жағалауындағы кейбір аудан жарықсыз қалған еді.
"Астана Энергия" АҚ ЖЭО-2-де қысқа тұйықталу болды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.