Молдова күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

0
382

Ол 10 жылға сотталуы мүмкін.


Молдова күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

ERNUR.KZ. Молдова Республикасынан ұйымдасқан топтың қатысушысы Қазақстанға экстрадицияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР СІМ көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін әйелді экстрадициялады.

"Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге материалдық баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған.
Оның рөлі - қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру. Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 миллиард теңгеге жуық сомада залал келтірілген", - делінген хабарламада.

Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Биыл мамырда ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұраусалуы бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта ол Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қылмысты жасағаны үшiн мүлкi тәркiленiп, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.