Мораторийдің аяқталуына байланысты депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысына көтеруге арналған қаржы қарастырылмаған.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Келесі жылдың бюджетінде депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге арналған қаржы қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
2022 жылы Тоқаев үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий енгізген болатын. Оның мерзімі биыл аяқталады.
Ал үкімет алдағы үш жылдың бюджетін дайындап қойған. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, мораторийдің аяқталуына байланысты депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысына көтеруге арналған қаржы қарастырылмаған.
"Бізде бекітілген еңбекақы төлеу жүйесі бар. Соны жалғастыра береміз. Жалақы төлеу жағынан ешқандай өзгеріс енгізген жоқпыз. Тәртіп бойынша коэффиценті бар, еңбек өтіліне қарайды. Тура солай төлене береді", - деді Бейсенбекұлы Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетері, жақында Құрылтай депутаттары өз жалақысын жариялаған болатын. Бес жыл бұрын мәжіліс депутаттары шамамен сондай еңбекақы алған.


