Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

0
84

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.


Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

ERNUR.KZ. 2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 111,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 75,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 23,8 мың – жеке көмекшінің, 5,2 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 607 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1022 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 785 ымдау тілі және 132 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.