«Мың сұрақ» қайта жарыққа шықты

0
6 028

Кітапта халықтық дүниетаным, қоршаған орта туралы таным, қазақы дәстүр мен құндылықтар қамтылған.


«Мың сұрақ» қайта жарыққа шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық музей мен «Отбасы хрестоматиясы» қорының ұйымдастырумен «Мың сұрақ» кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады aikyn.kz.

Шараға кітапты құрастырушылар мен әдебиетші ғалымдар, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ «Отбасы хрестоматиясы» қорының өкілдері қатысып, аталған туындының маңызы мен қажеттілігі, оны ескі нұсқалар бойынша қайта құрастырудағы басты ерекшеліктер туралы баяндады.

Бұл кітап негізінен ертегі, аңыз жанрында болғанымен, кеңес үкіметі орнағанша мешіт-медреселерде оқулық ретінде пайдаланылған. Онда халықтық дүниетаным, қоршаған орта туралы таным, қазақы дәстүр мен құндылықтар қамтылған. «Мың сұрақ» – алғаш рет 1891 жылы Қазан баспасынан араб-шағатай жазуымен жарық көрген, бірақ артынан большевиктер тарапынан көп қуғындау көріп, тыйым салынған, мүлде жойылған халықтық туындылардың бірі. Тәуелсіздіктен кейін оның түрлі нұсқалары жиналып, бірнеше мәрте қайта басылып шықты. Бірақ олар көлемі жағынан қысқа болды. «Отбасы хрестоматиясы» қорының бастамасымен аталған туынды елдегі бұрынғы нұсқамен қатар Қарақалпақстан, Қытай қазақтарының нұсқасымен, Түркиядағы қолжазбалармен толықтырылып, заманауи тілдік ерекшеліктермен көркемделіп, жаңа бір нұсқада құрастырылып, оқырман қауымға ұсынылып отыр.