Науқастардың дәрісін ұрлап келген

0
1 231

"Біз кездейсоқ 500 адамға хабарласып, олардың дәрі-дәрмек алмағанын анықтадық. Сонда қалай? Бұл дәрі қайда кетіп жатыр? Қазір тиісті тексеру жүргізіп жатырмыз", — деді денсаулық сақтау министрі.


Науқастардың дәрісін ұрлап келген

Астана әкімі Әсет Исекешев мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында науқастарға берілетін дәрі-дәрмекті ұрлайтын медициналық қызметкерлерді жауапқа тартпақ, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денсаулық сақтау басқармасының коллегиялық кеңесі отырысында Елжан Біртанов бас дәрігерлердің назарын "дәрі-дәрмектердің ұрлану" жайтына аударды.

Министрдің айтуынша, тегін дәрі-дәрмек алу үшін базаға тіркелген азаматтар шын мәнісінде көмекке қол жеткізе алмай отыр.

"Біз кездейсоқ 500 адамға хабарласып, олардың дәрі-дәрмек алмағанын анықтадық. Сонда қалай? Бұл дәрі қайда кетіп жатыр? Қазір тиісті тексеру жүргізіп жатырмыз", — деді денсаулық сақтау министрі.

Елорда басшысы Әсет Исекешев бұл ақпарат расталса, істі құқық қорғау органдары қарайтынын мәлімдеді.