Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0
1 195

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.


Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,-деп хабарлайды АҚОРДА.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

14 сәуірге қараған түні АҚШ , Ұлыбритания мен Франция әскери одағы Сириядағы нысандарға әуеден соққы берген. Оған түрткі болған - Сирияның үкімет әскері мен Ресей Дума қаласында химиялық қару қолданды деген күдік.

Пентагон Сириядағы үш нысанаға 105 зымыран жіберілгенін мәлімдеген. Әзірше америкалық әскерилер де, Сирия билігі де зымыран шабуылы салдарынан құрбан болғандар туралы дерек жариялаған жоқ.

Мәскеу мен Дамаск Думада химиялық шабуыл болғанын жоққа шығарып, химиялық қару туралы хабарларды "арандату" дейді. Ресей президенті Владимир Путин Сирияға зымыран соққысын " агрессия" деп бағалаған.