Nur Otan Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауға кірісті

0
1 916

Nur Otan-ның жергілікті өкілдігі тұрғындарды көшіріп, оларды орналастыруға көмектесуде.


Nur Otan Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауға кірісті

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясы Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан зардап шеккен және көшірілген тұрғындарға гуманитарлық көмек жинауда, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Nur Otan-ның жергілікті өкілдігі тұрғындарды көшіріп, оларды орналастыруға көмектесуде. Облыстық филиал басшылығы оқиға орнына барып, әкімдікпен және ТЖ департаментімен бірлесіп туындаған барлық мәселені жедел шешіп жатыр.

Әшімбаев Nur Otan Арыс қаласының тұрғындарына барлық қажетті көмекті көрсететінін атап өтті.

"Тамақ пен киім-кешектен бастап уақытша баспана беру және алдағы уақытта елді мекеннің инфрақұрылымын қалпына келтіруге дейін көмек беріледі. Біздің Түркістан облысындағы филиалымыз бүгіннен қалмай гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Бұл жұмысқа біздің партияның өкілдігі мен еліміз бойынша бастапқы партия ұйымдары тартылады", - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Ол сондай-ақ қаланың әрбір тұрғынының қауіпсіздігі қамтамасыз етілгеннен кейін болған оқиғаның мән-жайын жедел анықтау қажет екенін атап өтті.

"Біздің партия бұл істі ашық әрі әділ тергеуді талап етеді", - деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.