Нұр-Сұлтан әуежайдан қашып кеткен туристердің бірі – мемлекеттік қызметші

0
708

COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі астаналық ұсталды.


Нұр-Сұлтан әуежайдан қашып кеткен туристердің бірі – мемлекеттік қызметші

ERNUR.KZ. Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген және Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен екі тұрын 30 АЕК айыппұл төлейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді.

«COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі астаналық ұсталды және ПТР тест өткізу үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Аталған тұлғалар – Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар болып табылады, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі», - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында

Бұған дейін 329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келгені және екі астаналықтың әуежайдан қашып кеткені хабарланған еді.