Мекеме қызметкерлерінің және 7-мамандандырылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшесінің келісілген іс-қимылдарының арқасында имитацияланған өрт жойылып, мекеменің жеке құрамы мен сотталғандар қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Нұр-Сұлтан колониясында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша түзеу қызметі басқармасының ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлері №7 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Өрт қауіпсіздігін оқытудың негізгі міндеті – өрт кезінде сауатты және жедел әрекет етуге, өртті сөндіруге, сотталғандарды объектіден мүмкіндігінше тезірек эвакуациялауға, сонымен қатар №7 ӨСБ жеке құрамын су көздерінің орналасуымен таныстыру өтті.
Оқу-жаттығулар жоспарына сәйкес мекеме үй-жайларының бірінде өрт шықты: өрт пен қою түтіннің одан әрі таралу қаупі бар. Мекеменің жеке құрамы төтенше жағдайға дереу дабыл қағып, өрт сөндіру бөлімшелерін шақырып, қызметкерлерді эвакуациялауға кірісті. Келген өрт сөндірушілер «өртті» сөндіруге және ғимараттан өз бетімен шыға алмаған қызметкерлерді эвакуациялауға кірісті.
Мекеме қызметкерлерінің және 7-мамандандырылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшесінің келісілген іс-қимылдарының арқасында имитацияланған өрт жойылып, мекеменің жеке құрамы мен сотталғандар қауіпсіз аймаққа көшірілді.
«Мұндай іс-шаралар адамдарды эвакуациялау мен өртті сөндіруде бөлімшелер арасындағы үйлесімділікке қол жеткізуге, нақты өрт кезінде барынша дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - дейді ЕЦ-166/10 мекемесі басшысының жедел-режимдік жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.