Нұр-Сұлтан тұрғындары мектептің мас күзетшісіне ашуланды

0
739

Кадрда күзетші формасын киген ер адамның мектеп ауласында теңселіп бара жатқанын көруге болады.


Нұр-Сұлтан тұрғындары мектептің мас күзетшісіне ашуланды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда мас болып қалған мектеп күзетшісі видеоға түсіп қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, видео Интернациональный ауылында (Учхоз) № 44 мектептің маңында түсірілген. Кадрда күзетші формасын киген ер адамның мектеп ауласында теңселіп бара жатқанын көруге болады.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқиға 12 қазанда болған.

"2020 жылғы қаңтардан бастап мектеп "Қорғау-2017" күзет фирмасымен шарт жасасқан. Бұл фирманың күзетшісі Е. Аймұханов түскі үзіліске кеткен және содан мас күйде келген. Акт толтырылды, күзет фирмасымен шарт бұзылды", - деді басқармадағылар.