Әртүрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетті.
Елордадағы көшпелі бригадалар қаланың түрлі кәсіпорындары мен ірі ұйымдарының қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізіп жатыр. КВИ вакцинасын алуға әртүрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары ниет білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазір өз қызметкерлерін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялағысы келетін ұжымдар жиі жүгіне бастады. Ниет білдірушілердің тізіміне сәйкес сол жерде вакцинация жүргізу үшін МСАК ұйымдарының көшпелі бригадаларын жібереміз. Меншік иелерінің аумағында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып егу пункттері ұйымдастырылған», — дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Оның айтуынша, әртүрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.
"Астана-АЭК" АҚ қызметкерлері вакцинация COVID-19-ға қарсы тұрудың басты тәсілі екенін атап өтті.
«Ұжымды вакцинациямен қамту үшін кәсіпорында егу пункті ұйымдастырылды. Оны өткізу үшін бізге №5 қалалық емхананың медперсоналы келді. Пайдалану сенімділігі және қауіпсіздік техникасы қызметі жеке кабинет ұйымдастырып, тұрғындардың бір орынға жиылып қалуына жол бермеу үшін қатаң қабылдау кестесін әзірледі», — деп атап өтті "Астана-АЭК" АҚ.
«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін егу пункттерінің жұмыс кестесі таңғы сағат 8-ден 12-ге дейін, "Mega Silk Way" СОО-да таңғы сағат 10-нан 22-ге дейін ұзартылды.
Оның айтуынша, 1-ден 3-ке дейін көшпелі бригадалардың саны да қалыптасуда.
Жалпы, қалада КВИ-ға қарсы вакцинаны 40 мыңнан астам адам қабылдады.