Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда адам пышақтаған күдікті бақылау камерасының көмегімен ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
"17 желтоқсанда таңертең Нұр-Сұлтан полиция департаменті жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камераларын қарап отырып, теміржол вокзалы ауданында болып жатқан ер адамдар арасындағы жанжалды байқады", - деп хабарлады департамент қызметкері.
Оқиға болған жерге полиция жасағы жіберілген. Күдікті ұсталды. Полиция өкілдері оның 31 жастағы ер адамды бұзақылық себеппен пышақтағанын айтты. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті бұған дейін де сотталған болып шықты. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.